
Консультациялық-кеңес отырысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №473 бұйрығымен бекітілген Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім беру-сауықтыру орталықтарының құжаттары қаралды. Қарау нәтижесінде ұсынылған құжаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігі айқындалып, консультациялық-кеңес отырысының қорытындысы бойынша талаптарға сәйкес келген білім беру-сауықтыру орталықтарына білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру ұсынылды.








