Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы №483 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес, 2026 жылғы 21–24 шілде аралығында Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы М.Ш. Әбілмәженов және бас мамандар Е.М. Жантаев пен К.Б. Қожахметов Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласындағы «Ақмола облысы білім басқармасының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» КММ-де, Ақкөл ауданында орналасқан Астана қаласы әкімдігінің «Барап» балалар спорт-сауықтыру орталығы» ШЖҚ МКК-де, Біржан сал ауданындағы «Детский образовательно-оздоровительный центр «Lingvocamp» жеке кәсіпкерлігінде, Бурабай ауданындағы «Эдельвейс 2030» ЖШС мен «Балдырған-2014» ЖШС-де кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметі бойынша лицензия және лицензияға қосымша берілгенге дейін өтініш берушілердің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында алдын ала бақылау жұмыстарын жүргізді. Бақылау барысында ұйымдардың материалдық-техникалық базасы, кадрлық қамтамасыз етілуі, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы, қауіпсіздік шараларының орындалуы, сондай-ақ білім беру қызметін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігі зерделенді.
Кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметі бойынша лицензия және лицензияға қосымша берілгенге дейін өтініш берушілердің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында алдын ала бақылау
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

ҚАЗАҚСТАНДА 169 БАЛА ЕСТУ МҮМКІНДІГІНЕ ИЕ БОЛДЫ: ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҢ ІШІНДЕ 225 КОХЛЕАРЛЫҚ ИМПЛАНТАТТАУ ОПЕРАЦИЯСЫ ЖАСАЛДЫ
ҚР ДСМАшу
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ МӘРТЕБЕСІН ОДАН ӘРІ НЫҒАЙТУДЫ ҚОЛДАЙДЫ
ҚР ДСМАшу
ҚАЗАҚСТАН ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ЖЕЛІЛІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІН ҚҰРУДЫ ҰСЫНДЫ
ҚР ДСМАшу
Астанада ауқымды экологиялық акцияға 173 мыңға жуық тұрғын қатысты
Астана қаласының әкімдігіАшу
Астаналық джиу-джитсу шебері Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Астана қаласының әкімдігіАшу
"Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары
«Дана» бөбекжайында мемлекеттік аттестаттау өткізілді
Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіАшуАппараттық кеңес өтті
Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіАшуЛицензиялау талаптарына сәйкестікті анықтау жұмысы
Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіАшу«Алтын сақа – 2» ЖШС бөбекжайында мемлекеттік аттестаттау жүргізілді
Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіАшу
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері талқыланды
Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіАшу