Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті·Жаңалықтар мұрағаты

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментінде азаматтардың өтініштерін жедел қарау мақсатында CALL-орталығы құрылды.
📞 CALL-орталығының нөмірі: +7 701 006 59 15
Сіз төмендегі мәселелер бойынша хабарласа аласыз:
🔹 медициналық көмектің сапасына қатысты;
🔹 дәрілік заттардың айналымына қатысты;
🔹 медициналық бұйымдардың айналымына қатысты;
🔹 денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша.
Егер медициналық ұйымдардың қызметіне қатысты сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз немесе ескертулеріңіз болса, CALL-орталығына хабарласыңыз.
Біз сіздің өтінішіңізді қарап, қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және қолдау көрсетуге дайынбыз







