📢 Қандай жағдайларда шұғыл хабарлама беріледі ?

    📢 Қандай жағдайларда шұғыл хабарлама беріледі ?

    Шұғыл хабарлама – медициналық қызмет көрсету барысында пациенттің өмірі мен денсаулығына әсер етуі мүмкін жағдайлар анықталған кезде уәкілетті органға ұсынылатын ресми құжат.

    Шұғыл хабарлама мынадай жағдайларда беріледі:
    🔹 медициналық қызмет көрсету барысында қолайсыз оқиға немесе күтпеген жағдай орын алғанда;
    🔹 пациентке медициналық көмек көрсету кезінде ауыр асқыну немесе күтпеген салдар анықталғанда;
    🔹 медициналық қызметтің сапасы мен қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін жағдайлар тіркелген кезде;
    🔹 денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де жағдайларда.

    Департамент қандай іс-шаралар жүргізеді?
    ✅ шұғыл хабарламаны қабылдап, тіркейді;
    ✅ ұсынылған мәліметтерге талдау жүргізеді;
    ✅ қажет болған жағдайда медициналық ұйымға бақылау іс-шараларын ұйымдастырады;
    ✅ анықталған бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылдайды.

    Уақытылы ұсынылған шұғыл хабарлама медициналық көмектің сапасы мен пациенттердің қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары