Ауыл шаруашылығы жануарларының иелері үшін малды өткізу (тасымалдау) жөніндегі ақпарат!

    ·
    Ауыл шаруашылығы жануарларының иелері үшін малды өткізу (тасымалдау) жөніндегі ақпарат!

    Ауыл шаруашылығы жануарларының иелері үшін малды өткізу (тасымалдау) жөніндегі ақпарат!

    Қазақстан Республикасының аумағы бойынша малды өткізуді (тасымалдауды) жоспарлайтын немесе жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы жануарларының иелерінің назарына жеткіземіз, Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларының 37-тармағының 2-тармақшасына сәйкес – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің межеліпунктке келгені туралы мәліметтерді ветеринария саласындағы маман ветеринариялық анықтама берілген күннен бастап 15(он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде «Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі» ақпараттық жүйесіне (БАБЖ АЖ) енгізеді. Егер орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің межелі пунктке келуі туралы мәліметтерБАБЖ АЖ енгізілмеген жағдайда ветеринариялық анықтама өзінің қолданылуын тоқтатады.

    Осыған байланысты, «ветеринариялық анықтаманы сөндіру» мақсатында белгіленген мерзімде Сіздерге «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 6-тармақшасына сәйкес ауылдықокругтің, ауылдың ветеринариялық маманына жаңадан сатып алынған (сатып алынған) жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны және өткізілгені туралы уақтылы хабарлау қажет.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары