
Ветеринариялық саламаттылықты, жануарлардан алынатын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кейіннен өткізу үшін ауыл шаруашылығы жануарларын сою белгіленген ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес келетін сою объектілерінде ғана жүзеге асырылуға тиіс.
Союға «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» (АШЖБ) цифрлық жүйесінде міндетті сәйкестендіру және тіркеу жүргізілген жағдайда, жұқпалы аурулар бойынша қолайлы аумақтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерден шығатын клиникалық сау жануарлар ғана жіберіледі.
Союдан кейін алынған ет өнімдері міндетті ветеринариялық-санитариялық сараптамаға жатады, мұндай өнімді өткізуге оның қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі расталғаннан кейін және «Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі» (БАБЖ) цифрлық жүйесі арқылы берілген ветеринариялық ілеспе құжаттар болған кезде ғана жол беріледі.
Сауда объектілерінде олардың қауіпсіздігін, сапасын және белгіленген ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар болмаған кезде ет және ет өнімдерін сатуға жол берілмейді.









