
16.07.2026 жылы Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тіркеу қызметі және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бақылау бөлімі «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының Өскемен қаласының Халыққа қызмет көрсету жөніндегі №1 бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп заңды тұлғаларды тіркеу, азаматтық хал актілері мен ресми құжаттарға апостиль қою саласындағы мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша халықпен кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында қызмет алушыларға тіркеу қызметі мәселелері бойынша консультациялар алу мүмкіндігі ұсынылып, сондай-ақ кеңес алғысы келетін өтініш берушілер үшін құқықтық көмек көрсетілді.
Кездесу аясында Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты ПИК, ПИТК ұйымдарын қайта тіркеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Азаматтарға кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандарын құру және тіркеу тәртібі, қажетті құжаттардың тізбесі, сондай-ақ тіркеу рәсімдерінен өту мерзімдері мен ерекшеліктері түсіндірілді.
Сонымен қатар, ресми құжаттарға апостиль қою саласындағы электрондық қызметтерді алу мәселелері бойынша, оның ішінде цифрлық үкімет порталы арқылы өтініш беру тәртібі, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері және құжаттарды электрондық форматта алудың артықшылықтары жөнінде түсіндірмелер берілді.









