Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының қызметкерлерімен музыкалық шығармаларды заңды пайдалану мәселелеріне арналған кездесу өткізлді

    Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының қызметкерлерімен музыкалық шығармаларды заңды пайдалану мәселелеріне арналған кездесу өткізлді

    Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімі Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының қызметкерлерімен музыкалық шығармаларды заңды пайдалану мәселелеріне арналған кездесу өткізді.
    Кездесу барысында зияткерлік меншік объектілерін, оның ішінде музыкалық шығармаларды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері талқыланды. Іс-шараның негізгі мақсаты – зияткерлік меншік саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыру, музыкалық шығармаларды заңды пайдалануды қамтамасыз ету және авторлық құқықтарды бұзудың алдын алу.
    Сондай-ақ, музыкалық шығармаларды мәдени-бұқаралық іс-шараларда, концерттерде және басқа да қоғамдық орындарда пайдаланудың құқықтық негіздері, авторлық және сабақтас құқықтарды сақтау, сондай-ақ музыкалық туындыларды пайдалануға қажетті рұқсаттарды рәсімдеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
    Қатысушыларға авторлардың, композиторлардың, орындаушылардың және өзге де құқық иеленушілердің құқықтарын қорғаудың маңыздылығы түсіндірілді.� Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және музыкалық туындыларды заңды пайдалану бойынша пікір алмасты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті" жаңалықтары