
Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімі облыс аумағындағы кәсіпкерелермен ШҚО «Атамекен» ҰКП өңірлік палатасы өкілдерінің қатысуымен тауар белгісін құқықтық қорғау және Бірыңғай цифрлық платформаның мүмкіндіктеріне арналған ақпараттық кездесу өткізілді. Кәсіпкерлерге тауар белгісін қорғау және Бірыңғай цифрлық платформаны пайдалану мәселелері түсіндірілді.
Семинар барысында қатысушыларға тауар белгісінің түсінігі, оны тіркеудің маңыздылығы, зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және тауар белгісіне құқықтарды заңсыз пайдаланудың алдын алу мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді. Кәсіпкерлерге өз өнімдері мен қызметтерінің атауын, логотипін және басқа да дараландыру құралдарын заң талаптарына сәйкес қорғаудың маңыздылығы атап өтілді.
Сонымен қатар, Бірыңғай цифрлық платформаның функционалдық мүмкіндіктері таныстырылып, кәсіпкерлерге цифрлық сервистерді тиімді пайдалану, қажетті ақпаратты алу және өз қызметін цифрландыру бағыттары түсіндірілді.









