Бизнес өкілдерімен ашық диалог: Мамлют ауданындағы мобильді фронт-офис

    ·
    Бизнес өкілдерімен ашық диалог: Мамлют ауданындағы мобильді фронт-офис

    2026 жылғы 21 шілдеде мобильді фронт-офис Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданына барып, кәсіпкерлер мен аудан тұрғындарына мемлекеттік ұйымдар мен қаржы институттарының өкілдерімен тікелей кездесіп, бизнесті дамыту мәселелері бойынша жан-жақты кеңес алу мүмкіндігі ұсынылды.

    Мобильді фронт-офис құрамында:

    - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өңірлік филиалы;

    - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы;

    - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ;

    - «ҚазАгроҚаржы» АҚ;

    - «Солтүстік» ӘКК» АҚ;

    - ForteBank;

    - Bereke Bank;

    - Halyk Bank өкілдері қатысты.

    Кездесу барысында қатысушылар кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары, жеңілдетілген несиелеу, кепілдендіру, субсидиялау және бизнес-жобаларды қаржыландыру мәселелері бойынша жеке кеңестер алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

    Мобильді фронт-офис өз жұмысын жалғастырып, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары үшін мемлекеттік қолдау құралдарының қолжетімділігін арттыруға және кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етуде.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары