
Гагарин көшесі бойындағы «Квант» сауда үйі ауданында орналасқан диаметрі 1000 мм кәріз коллекторындағы апатты жою жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2026 жылғы 16 шілде күні сағат 15:30-дан бастап қаланың орталық бөлігінде суық суды беру уақытша шектеледі.
Бұл шара мәжбүрлі түрде қабылданып отыр және кәріз ағындарының көлемін азайтуға, апатты-қалпына келтіру жұмыстарын қауіпсіз жүргізуге, сондай-ақ аумақтың су басуына жол бермеуге бағытталған.
Қала тұрғындарынан қажетті мөлшерде су қорын алдын ала дайындап, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.









