
🔹«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы 21 шілдеде Сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің бас маманы Әбдібек Данагүл Нығметжанқызы Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасында «Мәжбүрлеп орындату шаралары» тақырыбында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
🔹Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген мәжбүрлеп орындату шараларын қолданудың негіздері мен тәртібі түсіндірілді. Сондай-ақ атқарушылық іс жүргізуге қатысушы тараптардың құқықтары мен міндеттері, атқарушылық құжаттардың талаптарын орындамаудың салдары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Қатысушыларға сот актілерін уақтылы орындаудың және заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Костанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі









