Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының автомобиль жолдары құрылысы мен жөндеу жұмыстарына жүргізіп жатқан мониторингі екінші күні де жалғасты.

    ·

    Аталған мониторинг жұмысына Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы М.Р. Мұқаев, бюджет, өңірлік даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Е.Ғ. Салықов, мәслихат депутаты С.С. Идиятов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы М. Қуаншалиев, “ҚазАвтоЖол” АҚ өңірлік филиалы директоры А. Мардан, сонымен қатар Теректі аудандық мәслихатының төрағасы Ә. Нұрғалиев, Ақжайық аудандық мәслихатының төрағасы С. Сиражев және аталған аудан мәслихаттарының депутаттары, мердігер мекеме өкілдері қатысты.

    Жұмыс сапары барысында депутаттар облыстық маңызы бар «Барбастау – Ақжайық – Индер» автомобиль жолының 93–145 шақырымындағы күрделі жөндеу жұмыстарын, республикалық маңызы бар «Чапай – Жалпақтал – Казталовка – РФ шекарасы» автомобиль жолының 0–17 шақырымындағы орташа жөндеу жұмыстарын және «Атырау – Орал» автомобиль жолының 372–432 және 432–492 шақырым учаскелеріндегі орташа жөндеу жұмыстарының орындалу барысымен танысты.

    Мониторинг қорытындысы бойынша депутаттар жол құрылысы жұмыстарының сапасы мен орындалу мерзімдерінің сақталуына ерекше назар аударып, жауапты мемлекеттік органдар мен мердігер ұйымдарға анықталған кемшіліктерді уақтылы жоюды, құрылыс барысына бақылауды күшейтуді және барлық жұмыстарды белгіленген талаптарға сәйкес сапалы аяқтауды тапсырды.

    Сапалы жол өңір тұрғындарының қауіпсіз әрі жайлы қатынауының, халықтың әлеуметтік әл-ауқатының артуының және өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының берік негізі.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары