Акцизделетін тауарлардың тізбесі

    Акцизделетін тауарлардың тізбесі

    Акцизделетін тауарлар мыналар болып табылады:
    -спирттің барлық түрлері;
    -алкоголь өнімі;
    -темекі бұйымдары;
    -қыздырылатын темекісі бар бұйымдар;
    -бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны, газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсутек қоспасы, экологиялық отын;
    шағын автобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, қозғалтқышының көлемі 3 000 текше сантиметрден асатын, 10 және одан көп адам тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары;
    қозғалтқышының көлемі 3 000 текше сантиметрден асатын, адамдар тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары (мүгедектігі бар адамдарға әдейі арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа);
    -қозғалтқышының көлемі 3 000 текше сантиметрден асатын, жүкке арналған платформасы және жүк бөлігінен қатты стационарлық қабырғамен бөлінген жүргізуші кабинасы бар жеңіл автомобиль шассиiндегi моторлы көлік құралдары (мүгедектігі бар адамдарға әдейі арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа);
    -шикі мұнай, газ конденсаты;
    -Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім;
    -энергетикалық сусындар;
    -сатып алу құны тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 18 000 еселенген және одан көп мөлшерін құрайтын жеңіл автомобильдер;
    -сатып алу құны тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 24 000 еселенген және одан көп мөлшерін құрайтын кемелер;
    -сатып алу құны тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 24 000 еселенген және одан көп мөлшерін құрайтын әуе кемелері.
    -Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен айқындайды.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары