Кедендік транзит кедендік рәсімі.

    Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша тауарларды тасымалдау кезінде кедендік транзит кедендік рәсімі қолданылады. Бұл рәсімнің негізгі шарттары, мерзімдері мен тауарларды жеткізу тәртібі ҚР Кеден кодексінің 223, 224 және 225-баптарымен реттеледі.
    Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру шарттары
    Кодекстің 223-бабына сәйкес, тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырудың негізгі шарттары:
    шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары мен салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету;
    Комиссия айқындайтын жағдайларда арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету;
    тауарларды сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
    халықаралық тасымалдау көлік құралының белгіленген талаптарға сәйкестігі;
    тыйым салулар мен шектеулерді сақтау.
    Кедендік транзит мерзімі
    Кодекстің 224-бабына сәйкес, кедендік транзит мерзімін жөнелтуші кеден органы белгілейді.
    Теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты мерзім бір айға екі мың километр есебінен белгіленеді, бірақ күнтізбелік жеті күннен кем болмауға тиіс.
    Көліктің басқа түрлерімен тасымалданатын тауарларға қатысты мерзім тасымалдаудың қалыпты ұзақтығына, көлік түріне, белгіленген маршрутқа және өзге де тасымалдау шарттарына сәйкес айқындалады.
    Кеден органы белгілеген мерзім декларанттың немесе тасымалдаушының уәжді өтініші бойынша ұзартылуы мүмкін.
    Тауарларды жеткізу орны
    Кодекстің 225-бабына сәйкес, тауарларды жеткізу орны көліктік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген межелі пункт туралы мәліметтер негізінде айқындалады.
    Тауарларды жеткізу орны болып межелі кеден органы қызметінің аймағындағы кедендік бақылау аймағы табылады.
    Межелі пункт өзгерген жағдайда тасымалдаушы тауарларды жеткізу орнын өзгертуге кеден органының рұқсатын алу үшін өзі жүретін жолдағы кез келген кеден органына өтінішпен жүгіне алады. Өтінішке межелі пункттің өзгеруін растайтын құжаттар, транзиттік декларация және тауарларға арналған өзге де құжаттар қоса беріледі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары