"Астана – жаңа қала" АЭА-ның жұмыс істеуін тоқтату мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті

    2026 жылғы 30 қазанда Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағындағы (АЭА) кеден бекетінде сыртқы экономикалық қызмет субъектілерінің қатысуымен АЭА-ның жұмыс істеуін тоқтату мәселесіне арналған дөңгелек үстел өткізілді.

    Дөңгелек үстел барысында АЭА-ның жұмыс істеуін тоқтатуға байланысты негізгі мәселелер, оның ішінде АЭА қызметін тоқтату тәртібі, қатысушылардың өз міндеттемелерін орындауы, кедендік және салықтық әкімшілендіру мәселелері, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдар мен мүдделі тараптардың алдағы өзара іс-қимыл тәртібі қаралды.

    Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен АЭА қатысушылары арасындағы үйлесімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттемелердің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ АЭА-ның жұмыс істеуін тоқтатуға байланысты кедендік және салықтық әкімшілендіру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажеттігі атап өтілді. Өтпелі кезеңде туындайтын мәселелер тиісті мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жұмыс тәртібімен қаралатын болады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары