Салық төлеушінің кабинетінде қажетті профильге, оның ішінде ДК профиліне жылдам ауысуға болады.
Профильді ауыстыру функциясын қалай табуға және қажетті профильді таңдауға болатынын қадамдық нұсқаулықта көрсетеміз:
-Салық төлеуші кабинетінде авторизациядан өтіңіз;
-Оң жақ жоғарғы бұрышта атаудың жанындағы батырмаға басыңыз;
-Ашылған тізімнен «Профильді өзгерту» тармағын таңдаңыз;
-ДК профилін таңдаңыз. Таңдалған профильмен СТК жүйесіне автоматты түрде қайта ораласыз.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









