Жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын уақытша әкелу.

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 347-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда уақытша әкелуге рұқсат етілген мерзім болу мемлекетіндегі жеке тұлғаларға берілген артықшылықтар мерзімімен шектеледі. Аталған мерзім ұзартылған жағдайда, кеден органы уақытша әкелу мерзімін де ұзартады.
    Жекелеген көлік құралдарын уақытша әкелуге кедендік баждар мен салықтарды төлеу жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шартымен жол беріледі (Кодекстің 354-бабы).
    Бұрын уақытша әкелінген және ЕАЭО кедендік аумағынан шығарылмаған көлік құралдары болған кезде екінші және одан кейінгі көлік құралдарын әкелуге кедендік баждар мен салықтарды төлеу жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шартымен жол беріледі.
    Уақытша әкелінген көлік құралдары уақытша болу мерзімі аяқталғанға дейін ЕАЭО кедендік аумағынан әкету, еркін айналымға шығару немесе өзге де мақсаттар үшін кедендік декларациялауға жатады. Көлік құралы алып қойылған немесе оған тыйым салынған жағдайда уақытша әкелу мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады.
    Уақытша әкелінген көлік құралдары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 347-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, декларанттың нақты иелігінде және пайдалануында болуға тиіс.
    Уақытша әкелінген көлік құралдарын басқа тұлғаларға беру Кодекстің 347-бабының 7, 8 және 9-тармақтарында белгіленген жағдайларда және шарттарда жүзеге асырылады.
    Кеден органының рұқсатынсыз көлік құралын техникалық қызмет көрсету, жөндеу (күрделі жөндеу мен жаңғыртуды қоспағанда) немесе сақтау үшін басқа тұлғаға беруге, сондай-ақ Кодекстің 347-бабының 8-тармағында көзделген өзге де жағдайларда беруге жол беріледі.
    Кеден органының рұқсатымен шетелдік жеке тұлға уақытша әкелген көлік құралын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің жеке тұлғасына кедендік баждар мен салықтарды төлеу жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шартымен, сондай-ақ көлік құралын әкету үшін басқа тұлғаға Кодекстің 347-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларда беруге жол беріледі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары