Актогай ауданында екі білім беру ұйымына жоспардан тыс тексеру жүргізілді
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бұрын берілген нұсқамалардың орындалуын тексеру мақсатында Павлодар облысының білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Актогай ауданындағы екі білім беру ұйымына жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру іс-шараларымен Актогай ауданының білім беру бөліміне қарасты «Х. Шаяхметов атындағы негізгі мектеп» және «Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» қамтылды.
Тексеру барысында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы, сондай-ақ бұрын анықталған бұзушылықтардың іс жүзінде жойылуы тұрғысынан білім беру ұйымдарының құжаттамасы мен қызметіне талдау жүргізілді.
Тексеру іс-шараларының қорытындысы бойынша бұрын анықталған бұзушылықтардың барлығы толық көлемде жойылмағаны анықталды. Осыған байланысты білім беру ұйымдарының басшыларына бұзушылықтарды жою мерзімдері белгілене отырып, тиісті нұсқамалар берілді. Сонымен қатар басшыларға қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









