2026 жылғы қаңтар-қазандағы жедел деректер бойынша бөлшек сауда тауар айналымы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,8%-ға өсті және 607,7 млрд. теңгенi құрады.
Бөлшек тауар айналымының республикалық көлемінде Абай облысы 10-орын алады, бөлшек тауар айналымының республикалық көлеміндегі үлесі 2,6%-ды құрады.
Бөлшек сауданының негізгі бөлігін базарларда сауда жасайтын және жеке сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар қамтамасыз етті. Олардың сауда айналымы облыстың бөлшек сауда айналымының 60,7 %-ын құрады және 2025 жылғы қаңтар-қазанымен салыстырғанда 9,3%-ға көбейді.
Саудамен айналысатын кәсіпорындар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,5%-ға көбейді және облыстың бөлшек сауда тауар айналымының 39,3%-ын құрады.
Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде 66,0%-ын азық-түлік емес тауарлары, 34,0%-ын азық-түлік тауарлары құрады.
Сауданың едәуір көлемі Семей қаласына – 458,9 млрд. теңге немесе облыстың тауар айналымының 75,5%-ы тиесілі. Аягөз ауданына 6,6%, Жарма ауданына –4,9 % -дан, Үржар ауданына –2,7 %, Бородулиха ауданына -1,8%-дан келеді. Қалған өңірлердің үлесі 2,2% (Курчатов қаласы) 1,1%-ға дейін (Абай ауданы) , 0,7%-ға дейін (Көкпекті ауданы), 1,6%-ға дейін (Бесқарағай ауданы)1,2%-ға дейін (Мақаншы ауданына), 1,7%-ға дейін (Ақсуат ауданы) ауытқиды.
2026 жылғы қаңтар-қазанында көтерме сауда көлемі 379,0 млрд. теңге сомасында немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіне қарағанда 104,8% қалыптасты. Көтерме сауда тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер 61,1%-ды, азық-түлік тауарлары –38,9%-ды құрайды.
Әдіснамалық түсініктемелер
Бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үйiшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпенбайланыстыемесөзгедейпайдалануғаарналғантауарлардысату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.
Көтерме сауда – жеке, отбасылық, тұрмыстықжәне басқа да осыған ұқсас жағдайларда пайдалануға байланысты емес, кейінен сатуға немесе өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.
www.stat.gov.kz/ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер/Ішкі саудастатистикасы
Орындаушы: Сауда және қызмет көрсету статистикасы бөлімінің басшысы.: Г.Т. Толегенова Тел. +7 7222362612 |
Адрес: 180000, Cемей қаласы Мәңгілік ел көшесі, 25 |
©Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









