Железин ауданында білім бөліміне жоспардан тыс тексеру жүргізілді

    Павлодар облысының білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Павлодар облысының білім басқармасының «Железин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.

    Тексеруді жүргізуге Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 59-1-бабы 9-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бұрын жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындының орындалмауы негіз болды.

    Тексеру іс-шаралары барысында бұрын берілген ұсынымдардың орындалуына және Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізілді. Тексеру нәтижесінде жекелеген бұзушылықтардың толық көлемде жойылмағаны анықталды.

    Тексеру қорытындысы бойынша Департамент анықталған бұзушылықтарды көрсете отырып, қорытынды рәсімдеді. Білім бөліміне бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жою туралы талап беріліп, сондай-ақ қабылданған шаралар туралы ақпарат ұсыну міндеттелді.

    Департамент берілген талаптардың орындалуына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылауды жалғастырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары