Облыстық мәслихатта Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Мұқаевтың қатысуымен БҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Болат Жанабаев және қоғам белсендісі Қуанжан Абатовпен кездесу өтті.

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    Кездесу барысында қоғам белсендісі жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және жол жүру ережелерін жетілдіруге қатысты өз ұсыныстарын жеткізді.

    Өз кезегінде Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Рахметұлы аталған ұсыныстардың өзектілігіне тоқталып, БҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Болат Жанабаевқа оларды жан-жақты зерделеп, қолданыстағы заңнама талаптары аясында қарастыруды тапсырды.

    Кездесу қорытындысында тараптар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың ұсыныстарын ескере отырып, осы бағыттағы жұмысты одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары