Жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарландыру

    ·
    Жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарландыру

    Павлодар облысы Полиция департменті «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 218 бұйрығы (бұдан әрі – бұйрық) шеңберінде жоспардан тыс аттестаттауды өткізетіні туралы хабарлайды.

    Мақсаты – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.

    Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 773 бұйрығына сәйкес Павлодар облысы ПД бастығының номенклатурасына жататын лауазымдарды атқаратын және ниет білдірген қызметкерлер жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Жеке құраммен жөніндегі басқармасына үлгіге сәйкес баянат және «Документолог» жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізім береді.

    Жоспардан тыс аттестаттауға жіберілмейтін қызметкерлер :

    1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін(Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы 2026 жылғы 28 қаңтардағы өзгерістермен).

    ПД лауазымдар номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары:

    - Полиция департаменті облыстық аппараты C-SVО-7 санаты;

    - Полиция департаменттерінің қалалық және аудандық бөліністеріне C-SVR-5 санаты;

    - арнайы бөліністер - C-SN- 7***санаты;

    - саптық бөліністер - C-SSP- 7 санаты.

    2) қолданыстағы тәртіптік жазалары барлар;

    3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатқандар.

    Сұрақтар туындаған жағдайда Павлодар облысы ПД Жеке құраммен жөніндегі басқармасына хабарласуға болады,

    каб. № 411, 412,413,414 анықтама телефондары 8 (7182) 39-12-60, 39-12-83, 39-10-80, 39-12-28, 39-10-72, 39-10-91, 39-10-92 электрондық мекенжайлар [email protected];dilyara_munduinova@mvd.gov.kz;[email protected].

    Ескертпе:жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.

    Павлодар облысы ПД Жеке құраммен жөніндегі басқармасына

    Павлодар облысы ПД

    жоспардан тыс

    аттестаттаудың төрағасы

    полиция полковнигі

    Ж.Б.Орынбаевқа

    Баянат

    Мені жоғары тұрған басшылық лауазымға кандидатурамды қарау үшін жоспардан тыс аттестаттау өтуге рұқсат беруіңізді сұраймын.

    ____________________

    (лауазымы, атағы, Т. А. Ә., қолы)

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары