
Арал ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі филиалының басшысы-аға сот орындаушысы Г.Султанова 29.05.2026 жылы «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында Арал ауданының статистика бөлімі қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, алдын алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтағы жауапкершілік, қаржылық алаяқтықтан сақтану жолдарын түсіндіру және қаржылық сауатты болу үшін кездесу өткізіп, құқықтық кеңес берді. Сонымен қатар, кездесу барысында облыс бойынша «Құқық кабинеттері» жұмыс жасап тұрғандығы туралы мәліметті айтып өтті.









