"GREANLEAF" ТАУАР БЕЛГІСІНІҢ ЗАҢСЫЗ ҚОЛДАНЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ ІС СОТҚА ЖОЛДАНДЫ

    "GREANLEAF" ТАУАР БЕЛГІСІНІҢ ЗАҢСЫЗ ҚОЛДАНЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ ІС СОТҚА ЖОЛДАНДЫ

    «GREENLEAF» тауар белгісінің заңды иесі «ЛЮЙЕ КЗ - LVYE KZ CO., LTD»ЖШС-нің арызы негізінде Қызылорда қаласында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын «Р» есімді кәсіпкерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 158 бабына сәйкес әкімшілік хаттамасы толтырылып, Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды. Нәтижесінде, аталған кәсіпкерге 30 АЕК көлемінде айыппұл салынып, жалпы құны 328 100 теңгені құрайтын 123 дана «GREENLEAF» тауар белгісі бар тауарлар жойылды. Осылайша, «GREENLEAF» тауар белгісінің заңды иесі «ЛЮЙЕ КЗ - LVYE KZ CO., LTD»ЖШС-нің арызы қанағаттандырылып, құқықтары қорғалды

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының Әділет департаменті" жаңалықтары