Кеңгір ауылы тұрғындарымен кездесу хаттамасы

    ·
    Кеңгір ауылы тұрғындарымен кездесу хаттамасы

    Кеңгір ауылы тұрғындарымен кездесу хаттамасы

    Төрағалық еткен: Жезқазған қаласының әкімі – Қ.Шайжанов

    Қатысқандар: Мемлекеттік мекемелердің басшылары (тізім бойынша), Кеңгір селосының әкімі, мектеп директоры, БАҚ өкілдері мен ауыл тұрғындары (34 адам).

    Сөз сөйлегендер және сұрақ-жауап:

    Оңғарбаева Қымбат (Кеңгір ауылының тұрғыны):

    Сұрақ: Кеңгір ауылында балабақша қашан салынады?

    Қ.Шайжановтың жауабы: Қазіргі таңда балабақша құжаттары экспертизадан өтуде. Оң шешімін алған соң қаражат қарастырылады. (Кеңгір селосының әкімі Р.Ш. Есмағанбетовке тапсырылды).

    Аманжолова Сәуле Сапарқызы (Кеңгір ауылының тұрғыны):

    Сұрақ: Жаңа амбулатория ғимараты іске қосылсын.

    Қ.Шайжановтың жауабы: Қазіргі таңда барлық жұмыстар аяқталды, құрал-жабдықтар жеткізіліп, орнатылуда.

    Мағзұмов Қадыркен Бәйдірахманұлы (Кеңгір ауылының тұрғыны):

    Сұрақ: Ауылымызға көгілдір отын келіп қуанып қалдық. Ендігі сұрақ, осы есептегіш құралдар барлық тұрғындарға тегін беріледі ме?

    Қ.Шайжановтың жауабы: Ауылға орталық газ құбырларын тарту жобасына сәйкес, әкімшілік-қалалық тұрғын-үй бөлімі арқылы барлық тұрғындарға есептегіш құралдары тегін беріледі.

    Ахмет Айтболат Асқарұлы (Кеңгір ауылының тұрғыны):

    Сұрақ: Ауыл ішіндегі көше атаулары қазақшаланса.

    Қ.Шайжановтың жауабы: Әкімшілік тарапынан барлық орыс тіліндегі қалған 3 көше атауларына қазақша атаулар ұсынылып, халықтық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне тапсырылды.

    Кеңгір селосының әкімі: Р.Есмағанбетов

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары