Шымкентте «Еркін жол жүру» профилактикалық іс-шарасы өтті

    ·
    Шымкентте «Еркін жол жүру» профилактикалық іс-шарасы өтті

    Өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру және арнайы қызметтердің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласының ТЖД Полиция департаментімен бірлесіп, тұрғын үй секторында «Еркін жол жүру» профилактикалық іс-шарасын өткізді.

    Рейдтің негізгі мақсаты көпқабатты тұрғын үйлерге, әлеуметтік нысандарға және өрт гидранттарына апаратын кіреберіс жолдардың қолжетімділігін тексеру болды. Ерекше назар дұрыс қойылмаған автокөліктердің өрт сөндіру, авариялық-құтқару және басқа да арнайы техникалардың жүріп өтуіне кедергі келтіретін учаскелерге аударылды.

    Іс-шара барысында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жүргізушілерге өрт немесе өзге де төтенше жағдай кезінде әрбір секундтың маңызды екенін түсіндірді. Аулаішілік жолдардың және кіреберістердің жабылуы авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді қиындатып, адамдарға дер кезінде көмек көрсетуге кедергі келтіруі мүмкін екені ескертілді.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары