ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

    ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ
    Оқушылар мен студенттердің еңбек құқықтары және уақытша жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселесі тұрақты бақылауда.
    Осыған орай, бүгін «Қызылорда облысының қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету саласы қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы Ақмарал Абдразақова және өңірдегі қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету саласы өкілдерінің қатысуларымен кездесу өткізілді.
    Кездесу барысында департамент басшысының орынбасары Б.Досымов кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарының сақталуы, еңбек шартының жасалуы және олардың денсаулығы мен адамгершілік дамуына зиян келтіруі мүмкін жұмыстарға тартуға жол бермеу туралы түсіндірмелер беріп, осы бағытта профилактикалық шаралар алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті" жаңалықтары