Сала ардагерлеріне құрмет көрсетілді

    Сала ардагерлеріне құрмет көрсетілді
    1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Департамент басшысы Бектемір Жұмағұлов еңбекті қорғау саласының ардагерлерін мерекемен құттықтап, оларға жылы лебізін білдірді.
    Кездесу барысында сала ардагері Өтеп Исмайылұлын 70 жас мерейтойымен құттықтап, оған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалін табыстады.
    Сонымен қатар министрлік тапсырмасына сәйкес, сала ардагерлері М. Хасанов пен А. Айтимовқа саладағы көп жылғы адал еңбегі, кәсіби тәжірибесі және еңбекті қорғау жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тіледі.
    Өз кезегінде ардагерлер көрсетілген құрмет пен ізгі тілектер үшін ризашылықтарын білдірді. Қосымша Департамент тарапынан ардагерлер отбасына мерекелік сый - сияпат көрсетілді.
    Сала ардагерлеріне құрмет көрсету – ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, еңбекті бағалаудың жарқын үлгісі.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті" жаңалықтары