
Еңбек күніне орай Департамент қызметкерлері еңбек саласындағы кәсіби міндеттерін сапалы орындап, мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан үлесі, еңбектегі жетістіктері және қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының "Алғыс хатымен" марапатталды. Марапаттау барысында Департамент басшысының орынбасары Б.Досымов әріптестерге алғыс білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.








