Белгіленбеген орындарда сауда жасауға жол жоқ: Ақтөбеде рейдтік іс-шаралар жалғасуда

    ·
    Белгіленбеген орындарда сауда жасауға жол жоқ: Ақтөбеде рейдтік іс-шаралар жалғасуда

    Ақтөбе қаласында белгіленбеген орындарда сауда жасау деректерінің алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін сақтау мақсатында кезекті рейдтік-профилактикалық іс-шара өткізілді.
    Рейд барысында қала көшелері мен тұрғындар көп шоғырланатын қоғамдық орындар тексеріліп, рұқсат етілмеген жерлерде қарбыз-қауын, дайын тағамдар, оның ішінде кәуап өнімдерін сату фактілері анықталды.
    Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша азаматтарға заңнама талаптары түсіндіріліп, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-бабына сәйкес әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды.
    2026 жылғы 1 мамырдан бері Ақтөбе қаласында белгіленбеген орындарда сауда жасауға байланысты 47 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.
    Полиция мұндай заңсыз сауда қоғамдық орындардың санитариялық жағдайына кері әсер етіп қана қоймай, тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертеді. Себебі рұқсат етілмеген орындарда сатылатын азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік берілмейді, сондай-ақ олардың сақталу талаптары мен шығу тегі тиісті бақылаудан өтпейді.
    Полиция қызметкерлері тұрғындар мен кәсіпкерлерді қолданыстағы заң талаптарын қатаң сақтауға және сауда қызметін тек жергілікті атқарушы органдар белгілеген арнайы сауда орындарында жүзеге асыруға шақырады.
    Заңсыз сауданың жолын кесуге және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған рейдтік-профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары