ШЫМКЕНТТЕ 30 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕР КІЛТТЕРІНЕ ИЕ БОЛДЫ

    ШЫМКЕНТТЕ 30 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕР КІЛТТЕРІНЕ ИЕ БОЛДЫ

    Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында 30 жаңа пәтердің кілтін табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға қала әкімі қатысып, қоныс тойын тойлап жатқан тұрғындарды көптен күткен қуанышымен құттықтады, әрбір отбасына амандық, бақ-береке және шаңырақтарына құт-береке тіледі.

    Көп қабатты үйлер Қайтпас-1 шағынауданында орналасқан. Олар қолданыстағы құрылыс талаптарына сәйкес салынып, барлық қажет инженерлік-коммуналдық инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген.

    Баспана иелері – тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж ретінде кезекте тұрған азаматтар. Олардың қатарында мүгедектігі бар азаматтар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ, толық емес отбасылар мен зейнеткерлер бар.

    Айта кету керек, Шымкент қаласының тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету жұмысы жүйелі жүргізіліп келеді және алдағы уақытта да жалғасатын болады.

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының әкімдігі" жаңалықтары