«Salyqbot» цифрлық салық консультанты

    ·
    «Salyqbot» цифрлық салық консультанты

    Салық және кеден мәселелерін түсіндіру бойынша жедел көмек көрсету мақсатында Мемлекеттік кірістер комитеті @Salyqbot сілтемесі бойынша Telegram-да Чат-ботты іске асырды.

    Salyqbot - қазақ және орыс тілдерінде цифрлық салық консультанты, ыңғайлы болу үшін Qr-кодтың көмегімен кіру мүмкіндігі қарастырылған.

    SalyqBot көмегімен Сізде:

    - салық берешегінің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметтерді лезде білуге;

    - көлік құралдарына салынатын салықты дербес есептеуге;

    - салықтарды уақтылы төлемегені үшін өсімпұл сомасын есептеуге;

    - өзекті анықтамалық ақпаратты білу, салық күнтізбесін пайдалануға;

    - түйінді сөздер бойынша салық және кеден заңнамалары бойынша пайдалы ақпарат алуға;

    - тіркелу арқылы есептілікті берудің, салық төлеудің алдағы мерзімдері туралы еске салатын push-хабарламаларды, сондай-ақ пайдалы жаңалықтар мен хабарламаларды ( ақпарат пайдаланушының-жеке немесе заңды тұлғаның мүддесін ескере отырып жіберіледі) алуға;

    - банк шоттарын бұғаттан шығару, жеке тұлғалардың банкроттығы, жеке тұлғалардың көлігіне, жеріне және мүлкіне салық төлеу мәселелері бойынша жедел көмек алуға;

    - егер сіз заңды тұлға болсаңыз, төленген сомалар туралы мәліметтер алуға мүмкіндігіңіз бар.

    «Salyqbot» цифрлық салық консультанты туралы бейнеролик мына сілтеме бойынша қол жетімді: https://youtu.be/X75e2erDYjg

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары