
Ішек инфекциялары көбіне іштің ауыруы, құсу, іш өту белгілерімен басталады. Кейде ауру жеңіл өтетіндіктен, адам өзін сау сезініп, инфекцияны айналасындағыларға таратуы мүмкін. Ішек инфекцияларының негізгі таралу жолы – лас қол, сапасыз су және дұрыс сақталмаған тағам арқылы.
Алдын алу үшін:
Қолды үнемі жуыңыз: әсіресе әжетханадан кейін және тамақ ішер алдында.
Қайнатылмаған суды ішпеңіз, әсіресе ашық су көздерінен алынған суды.Сүтті міндетті түрде қайнатып қолданыңыз. Көкөніс, жеміс-жидек пен көк-сөкті мұқият жуып, қайнаған сумен шайыңыз.
Тез бұзылатын тағамдарды тоңазытқышта сақтап, сақтау мерзімін қадағалаңыз.
Иісі немесе дәмі өзгерген тағамды пайдаланбаңыз.
Қоқыс пен ас қалдықтарын жабық ыдыста сақтаңыз, тазалықты сақтаңыз.
Тазалық – ішек инфекцияларынан қорғанудың ең тиімді жолдарының бірі.
Әрқайсымыз өз денсаулығымызға және айналамыздағы адамдардың денсаулығына жауаптымыз!









