«Құтыру ауруының алдын алу іс-шаралары» тақырыбында облыстық семинар сабағы өткізілді

    Жамбыл облысында адамдар арасында құтыру ауруының тіркелуінің алдын алу мақсатында «Құтыру ауруының алдын алу іс-шаралары» тақырыбында 2026 жылғы 11 қарашада облыстық семинар сабағы өткізілді.

    Семинарға облыс көлеміндегі қалалар мен аудандардың травматологиялық пункттерінің жауапты хирургтері, травматолог дәрігерлері, вакцинаға жауапты мамандар және санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары қатысты.

    Семинар соңында, қатысушы медицина қызметкерлерінің білім деңгейін бағалау мақсатында аттестаттау жұмыстары өткізілді.

    Алдағы апта ішінде аталған семинар сабақтары мен аттестаттау жұмыстарын Тараз қаласында және облыстың барлық аудандарында кезең-кезеңімен өткізу жоспарланды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары