Астана күні

    Астана күні

    Еңбекші ауылдық округінде Астана күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

    Іс-шара барысында ауыл тұрғындары мен қонақтарына мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды. Концертте патриоттық әндер шырқалып, өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар, Отанға деген сүйіспеншілік, ел бірлігі мен елорданың еліміздің дамуындағы ерекше рөлі туралы тағылымды сөздер айтылды.

    Мерекелік кештің басты мақсаты – тұрғындардың бойында патриоттық сезімді нығайту, елорданың жетістіктерін насихаттау және ауыл тұрғындарының мәдени демалысын ұйымдастыру болды. Іс-шара көтеріңкі көңіл күйде өтіп, қатысушыларға мерекелік әсер сыйлады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Көксу ауданы Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары