
Ұлттық домбыра күніне орай тағылымды шара ұйымдастырылды.
Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Созақ аудандық ауруханасының перзентханасында мереке күні дүние есігін ашқан сәбилердің аналарына домбыра тарту етілді.
Ізгі шараға қатысқан Созақ аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Рысты Райымқұлова жас аналарды қуанышты сәттерімен құттықтап, сәбилерге ақ батасын берді. Ұлттық өнер мен салт-дәстүрдің сабақтастығын дәріптейтін домбыраны табыстады.
Игі бастама – ұлттық құндылықтарды ұлықтап, өскелең ұрпақтың бойына қазақтың төл өнеріне деген құрметті туған күнінен бастап сіңіруге бағытталған тағылымды шара. Сәбилердің өмір жолы домбыраның күмбірімен басталып, елін сүйетін, ұлттық рухы биік азамат болып ер жетуіне ізгі тілектер айтылды.








