АУДАН ӘКІМІ ЕМДІК-САУЫҚТЫРУ НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН КӨРДІ

    ·
    АУДАН ӘКІМІ ЕМДІК-САУЫҚТЫРУ НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН КӨРДІ
    АУДАН ӘКІМІ ЕМДІК-САУЫҚТЫРУ НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН КӨРДІ
    Аудан әкімі Серік Үсенұлы Жылы су ауылдық округіне арнайы барып, ондағы шипажайлардың қызметін көрді. Жүргізіліп жатқан құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.
    Сапар барысында аудан басшысы тарапынан демалушылар мен ем қабылдаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылып жатқан жобалардың барысы, шипажай аумақтарындағы инфрақұрылымды жақсарту, ғимараттарды заманауи талаптарға сай жаңарту және қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар зерделенді.
    Сонымен қатар, емдік-сауықтыру қызметтерінің ұйымдастырылуы, келушілерге ұсынылатын медициналық және профилактикалық шаралардың сапасы назарға алынды. Мекеме басшылары мен округ әкімі атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
    Аудан әкімі туристік және емдік-сауықтыру әлеуетін дамыту өңір экономикасына оң серпін беретінін атап өтіп, нысандардағы құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы маңызды екенін жеткізді. Сондай-ақ, келушілер үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.
    «Жылы су ауылдық округіндегі шипажайларды дамыту тұрғындардың денсаулығын нығайтуға ғана емес, ішкі туризмді дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді» деді аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов.
    Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары