
Ұлттық домбыра күні қарсаңында Ұлан ауданындағы Балалар музыка мектебінің аумағында ұлттық музыкалық мұраға арналған шағын сәулет нысанының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Жиналған қауымды Ұлттық домбыра күнімен құттықтаған құрметті қонақтар домбыраның жай ғана музыкалық аспап емес, ұлттық болмыстың, рухани байлықтың және ұрпақтар сабақтастығының маңызды символы екенін атап өтті. Құттықтау сөздерінен кейін жаңа нысанның ашылуын білдіретін дәстүрлі лента қию рәсімі өтті.
Мерекенің көркін Балалар музыка мектебінің ұстаздары мен тәрбиеленушілерінің өнері айшықтай түсті.









