ШҚО-да құтқарушылар су айдындарында қауіпсіздік рейдтерін жүргізуде

    ШҚО-да құтқарушылар су айдындарында қауіпсіздік рейдтерін жүргізуде

    ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өңірдегі су айдындарында патрульдеуді күшейтіп, демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын түсіндіруде.

    – Жаз мезгілі басталғалы бері барлығы 1090 рейд өтту. Өз өміріне қауіп төндірген 80-нен астам құқық бұзушы анықталды. Сонымен қатар «Балаларды суда қорғаңыз!» республикалық акциясы аясында облыс құтқарушылары жағажайларда ата-аналармен балалардың қауіпсіз демалысына бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеді. Негізгі мақсат – кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі үшін ересектердің жауапкершілігін арттыру, – делінген ШҚО ТЖД ақпаратында.

    ТЖД судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Атап айтқанда, тек арнайы жабдықталған жағажайларда ғана шомылу қажет. Сондай-ақ бейтаныс жерлерде суға түсуге, балаларды су жағасына қараусыз жіберуге болмайды. Ал жүзу құралдарымен серуендеу кезінде міндетті түрде құтқару кеудешесін кию қажет. Төтенше жағдай туындағанда 112 нөміріне хабарласу қажет.

    Шомылу маусымы басталғалы бері өңірдегі су айдындарында үш адам көз жұмды.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары