2026 жылғы 2 тоқсандағы мемлекеттік бақылау қорытындылары туралы

    ·

    2026 жылдың екінші тоқсанында Қостанай облысындағы 10 мектепке дейінгі білім беру және оқыту ұйымына мемлекеттік аттестаттау жүргізілді, оның 8-і аттестатталған, 2 ұйымға Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкессіздікті түзету туралы хабарлама берілген.

    2026 жылдың екінші тоқсанында №3 Денисов жалпы білім беру мектебінде профилактикалық бақылау жүргізілді. Профилактикалық бақылау нәтижесінде Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың бұзылуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының бұзылуы анықталып, нұсқамалар шығарылды.

    2026 жылдың екінші тоқсанында Сарыкөл аудандық білім бөлімі мен Арқалық қалалық білім бөліміне жоспарлы тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесінде екі білім беру бөлімінде де Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының бұзылуы анықталды.

    Екінші тоқсанда 5 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында жоспардан тыс тексеру жүргізілді, 1 техникалық және кәсіптік білім беру мекемесінде бұзушылықтар анықталды; 1 орта білім беру ұйымында жоспардан тыс тексеру өткізілді, нәтижесінде білім беру заңнамасының бұзылуы анықталды.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары