
2026 жылғы 2 шілде күні Текелі қаласында өткен «Qosyl Fest» фестивалі аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Ақпараттық-түсіндіру жұмысы және БАҚ-пен байланыс бөлімінің маман-теологы Жұмаш Айгерім қатысушылармен кездесіп, қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайту, діни сауаттылықты арттыру, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу және деструктивті діни ағымдардың алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Фестиваль қонақтарына тақырыптық ақпараттық материалдар таратылып, тұрғындардың сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілді.









