
Комиссия отырысында өмірлік қиын жағдайға тап болған және қолайсыз отбасылармен жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігі, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы, сондай-ақ FSМ Social платформасына түсетін сигналдар бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды.
Отырыста Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұ.Сламбекованың, Жамбыл облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы С.Төрегелдиевтің есептері тыңдалды.
Қорытындысы бойынша отбасын қолдау орталығына балалардың өміріне қауіп төндіретін қолайсыз отбасыларға қатысты түсетін сигналдар бойынша атқарылған жұмыстарға мониторинг жүргізу, осындай отасыларды анықтау оларға қолдау көрсету алгоритмінің сапалы орындалуын қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берілді.
Комиссия отырысында Тараз қаласы мен аудандық комиссиялардың тапсырмалардың орындалуы бойынша есептерін тыңдау кестесін бекіту туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасына кәмелетке толмағандарға қатысты орын алған оқиғаларды зерделеу және анықтау жұмыстарын жүргізетін жұмыс топтарын құру қағидаларын әзірлеп, олардың мүшелерінің міндеттерін айқындау тапсырылды. Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарында өмірлік қиын жағдайдағы отбасылардан шыққан балаларға қатысты келіп түскен өтініштер мен хабарламаларды, олар бойынша қабылданған шараларды зерделеп, тиісті қорытынды ұсыну міндеті жүктелді.

