
Жетісу облысы Полиция департаменті«Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің2025 жылғы 26 наурыздағы №218ҚР ІІМ бұйрығы шеңберінде жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды.
Мақсат – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.
2022 жылғы 29 қыркүйектегі №773 ІІМ бұйрығына сәйкес Жетісу облысы Полиция департаменті бастығының номенклатурасына жататын және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген лауазымдарды атқаратын қызметкерлер хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей,Жетісу облысы ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасына үлгіге сәйкес баянат және қызметтік тізім ұсынады.
Жоспардан тыс аттестаттауға қызметкерлер жіберілмейді:
1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін(ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы).
Жетісу облысы Полиция департаменті бастығының номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары:
- Полиция департаментінің аппаратыбойыншаC-SVО-7 санаты;
- қалалық және аудандық Полиция басқармалары бойыншаC-SVR-6 санаты;
- Полиция департаментінің саптық бөлімшелері бойынша C-SSР-6 санаты.
2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;
3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіледі.
Сұрақтар туындаған жағдайда Жетісу облысы ПДЖеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасына хабарласуға болады, каб. № 204, 205, 211, анықтама телефондары 8 (7282) 60-82-82, 60-82-54, 60-82-52, 60-87-30, электрондық мекенжайлар [email protected],[email protected],[email protected],[email protected],[email protected],[email protected],[email protected].
Ескертпе:жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.
Жетісу облысы ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы









