ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫ - ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАМАНАУИ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ МЕН ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІ

    ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫ - ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАМАНАУИ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ МЕН ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІ

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Мемлекет басшысының 2026 жылғы 30 маусымда өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында берген денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға және отандық фармацевтика саласын дамытуға бағытталған тапсырмаларының іске асырылуы туралы хабарлайды.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде денсаулық сақтау саласының маңызды жетістіктерін атап өтті. 2019 жылдан бері елімізде 1300-ге жуық денсаулық сақтау нысаны ашылып, қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жуықтады. Сонымен қатар әрбір азаматқа сақтандыру мәртебесіне қарамастан базалық медициналық көмекке кепілдік беріліп, жоғары технологиялық медициналық қызметтер қолжетімді болды.

    Мемлекет басшысы отандық фармацевтика саласының даму қарқынына да ерекше тоқталды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша Қазақстан фармацевтика индустриясына деген сенім деңгейі жөнінен ТМД елдері арасында бірінші орынға шықты. Дәрілік заттар нарығының көлемі бір триллион теңгеден асты, ал соңғы үш жылда салаға тартылған шетелдік инвестициялар көлемі үш еседен астам өсті.

    Денсаулық сақтау министрлігінің аумақтық бөлімшесі ретінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент медициналық қызметтердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасы, қауіпсіздігі және тиімділігіне мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етіп, азаматтардың қауіпсіз әрі сапалы медициналық көмек алу құқықтарын қорғайды.

    Департамент Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру, халықты қауіпсіз дәрілік қамтамасыз ету және Қазақстанның заманауи, жоғары технологиялық әрі бәсекеге қабілетті денсаулық сақтау жүйесін дамыту бағытындағы жұмысты жалғастыра береді.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары