
Шығыс Қазақстан облысының келесі фармацевтикалық субъектілеріне тиісті дәріханалық практика (GPP) сертификаттары берілді:
- «ARS Pharm» ЖШС;
- «Aq Niet Groupe» ЖШС;
- «Куралаева А.М.» ЖК;
- «Фармация» ӨК;
- «Әділетфарм» ЖШС;
- «Мецлер Н.В.» ЖК.
Естеріңізге сала кетейік, инспекция дәріхана қызметінің тиісті дәріханалық практика (GPP) стандартының талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында жүргізіледі. Аталған стандарт фармацевтикалық қызметтердің сапасын қамтамасыз етуге, дәрілік заттардың қауіпсіздігін сақтауға және Қазақстан Республикасының дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы заңнамасының талаптарын орындауға бағытталған.
Дәріхана ұйымдардың басшылары мен ұжымдарын сертификаттаудан сәтті өтуімен құттықтаймыз! Халыққа сапалы әрі қауіпсіз фармацевтикалық көмек көрсетудегі еңбектеріңізге толағай табыс, кәсіби жетістіктер және игілікті қызмет тілейміз!









