Қауіпті заттар қоймасына инспекциялық тексеру жүргізілді

    Қауіпті заттар қоймасына инспекциялық тексеру жүргізілді

    Астана қаласы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы прекурсорларды сақтауға арналған өндірістік-техникалық базада бақылау іс-шараларын өткізді.Тексеру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің сұраухаты негізінде, прекурсорлар айналымы бойынша лицензияланатын қызмет түріне рұқсат беруге қажетті қорытынды әзірлеу мақсатында ұйымдастырылды.

    Мемлекеттік инспекторлар нысанның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігін бағалады. Сонымен қатар, мекеме қызметкерлері мен жауапты тұлғаларға қауіпсіздік нормаларын қатаң сақтау және өндірістік үдеріс барысында туындайтын тәуекелдердің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" жаңалықтары