
Жезқазған қаласында «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен өткен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне Ұлытау облысы ТЖДӨнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының өкілдері қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтық қорғау органдарындағы бос лауазымдарды білікті кадрлармен толықтыру және халықты аталған саланың қызметімен кеңінен таныстыру.
Жәрмеңке аясында Басқарма мамандары келушілерге мемлекеттік қызметке орналасудың заңнамалық тәртібі, үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары, әлеуметтік кепілдіктер мен қызмет өткерудің ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Сонымен қатар, жұмысқа орналасуға ниет білдірген азаматтармен жеке сұхбаттар өткізіліп, олардың сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілді және түйіндемелері қабылданды.
Іс-шараға қатысу Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі жүйесіндегі қызметтің мәртебесі мен артықшылықтарын насихаттауға, өңірдегі өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласына кәсіби деңгейі жоғары мамандарды тартуға зор мүмкіндік берді.









