Өндіріс нысандарындағы қауіпсіздік – басты талап!

    ·
    Өндіріс нысандарындағы қауіпсіздік – басты талап!

    Шымкент қаласы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы «ХИМФАРМ» акционерлік қоғамында жоспарлы техникалық куәландыру шараларын өткізді.

    Іс-шара барысында қысыммен жұмыс істейтін қазандықтардың жай-күйі мен қауіпсіздік нормаларына сәйкестігі зерделенді. Сарапшылар қондырғылардың беріктігі мен герметикалығын, сондай-ақ қорғаныс арматурасының жарамдылық деңгейін жіті тексерді. Инспекция қорытындысы бойынша нормативтік талаптардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тиісті іс-қимыл жоспары бекітіліп, нысан бақылауға алынды.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары