Сөз құдіреті мен ұрпақ даналығы: алматы облысының полицейлері «Абай жолы» романын талқылады.

    Сөз құдіреті мен ұрпақ даналығы: алматы облысының полицейлері «Абай жолы» романын талқылады.

    Алматы облысы Полиция департаментінің бөлімшелерінде жеке құрамның рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиесіне бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Кезекті іс-шара қазақ әдебиетінің жауһары – жазушы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын оқып, ұжымдық талқылауға арналды.

    Қазақ халқының рухани мұрасына айналған бұл шығармада ұлы ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының өмір жолы, әділдікке, білімге, ел бірлігіне және Отанға адал қызмет етуге деген ұстанымы кеңінен суреттеледі. Романда көрініс тапқан бұл құндылықтар бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпай, құқық қорғау органдары қызметкерлері үшін маңызды рухани бағдар болып қала береді.

    Талқылау барысында полиция қызметкерлері шығармадағы адалдық, жауапкершілік, заңға құрмет, қызметтік парызға беріктік және әділдік секілді қағидаттардың ішкі істер органдары қызметінің негізгі ұстанымдарымен үндесетінін атап өтті. Қатысушылардың пікірінше, мұндай туындылар кәсіби борыштың мәнін тереңірек түсінуге, патриоттық рухты нығайтуға және жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.

    Алматы облысы Полиция департаментінде мұндай тағылымдық іс-шаралар жеке құрамды тәрбиелеу жұмысының маңызды бағыты екені атап өтілді. Ұлттық әдебиет жауһарларымен танысу қызметкерлердің рухани дүниесін байытып, адамгершілік құндылықтарын нығайтуға, сондай-ақ Қазақстанның тарихы, мәдениеті мен рухани мұрасына деген құрметті арттыруға септігін тигізеді.

    Тарихи-патриоттық бағыттағы әдебиеттерді оқу және талқылау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасып, патриотизм құндылықтарын нығайтуға, ұлттық рухани мұраны дәріптеуге және тәртіп сақшыларының кәсіби мәдениетін арттыруға бағытталған іс-шаралар аясында тұрақты түрде өткізілетін болады.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының Полиция департаменті" жаңалықтары